Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

«Заманауи библиографияның типологиялық үлгісі» атты жобаны ұйымдастыру мен өткізу

ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Жалпы ережелері

 «Заманауи библиографияның типологиялық үлгісі» жобасы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының (одан әрі ОБК) жоспары бойынша  іске асырылады.

Жобаның  ұйымдастырушысы – Ақпараттық-библиографиялық бөлімі (одан әрі АББ).

Осы Ереже  жобаның  өткізілу мақсатын, міндетін, талаптары және мерзімін анықтайды.

Жобаның мақсаты

Жобаның мақсаты - кітапханашылардың библиографиялық қызмет саласында кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін әдістемелік көмек көрсету.

Жобаның міндеті

Балалар әдебиетінің бибилиографиясының типология саласындағы білімін жинақтау;

Библиографиялық терминология. Дәстүрлі кәсіби библиографиялық терминдерді бекіту, жаңа терминдермен таныс болу, кәсіби терминологияны саналы түрде іске асыру;

Электронды библиография;

Кітапханалық-библиографиялық білімді жетілдіру мақсатында балалармен жұмыс жасайтын кітапхана мекемелерімен бірлесе жұмыс атқару.

Жобаға қатысушылар

Жобаға қатысушылар – аудандық және ауылдық балалар кітапханасының кітапханашы қызметкерлері.

Жоба мерзімі

Жобаны іске асыру мерзімі: 2016 - 2017 жж.

 

Жобаның шарты мен тәртібі

5.1.   Жоба үш кезеңнен тұрады

5.2.  Бірінші кезең (дайындық):

Жоба ұйымдастырушысы жобаға  қатысушыларды оқытуға қажетті тақырыптар тізімін жасайды, топтық курстар мен сабақтардың бағдарламаларын дайындайды, тұсаукесерлер, жадынамалар және басқа да көрнекіліктер әзірлейді.

Жоба  ұйымдастырушысы аудандық балалар кітапханаларына (одан әрі АБК) осы жобаға қатысатыны туралы е-mail-ге хабарлама жіберу арқылы,  телефон арқылы және ОБК-ң қызметкерлері барған уақытта хабардар етеді.

Жобаға қатысушы мүшесі жоба ісшара өткізілетін орнын дайындап, аудандық,  аймақтық және ауылдық балалар кітапханаларының кітапханашылар арасынан тыңдаушылар құрамын ұйымдастырады.

 

5.3. Екінші кезең (негізгі):

Жоба  ұйымдастырушысы АБК-на барып, кәсіби білімдеріне талдама жасап, оқу кезінде кітапханашының сұраныстарын зерттейді және жоба бағдарламасына сәйкес дәрістер, сабақтар, лекциялар, тұсаукесерлер, сауалнамалар, тесттер ұйымдастырады.

5.4. Үшінші кезең (қорытынды):

Жобаға қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін диагностикалау және бағалау.

Жоба қорытындысы (нәтижесі)

Жобаға қатысушылар сертификат алады.

Жоба ұйымдастырушысы жоба нәтижесін жинақтап қорытады.

Жобаның нәтежиесі суретімен бірге  http://altynsarin-lib.kz сайтына жіберіледі (жаңалық

 «Заманауи библиографияның типологиялық үлгісі» жобасы»). Бейнероликтер, суреттер және қысқаша ақпараттар login ukodb арқылы Instagramға, login ukodb@ mail.ru арқылы facebookке жіберіледі.

     Сонымен қатар, жобаның қорытындысы туралы мәліметтер БАҚ-на жіберіледі.

 

Жоба ұйымдастырушылары жайлы ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы  балалар кітапханасы,

Ақпараттық-библиографиялық бөлім.

Шымкент қ. Аль-Фараби алаңы, 1А

Телефон: 8(7252) 53-96-36

Ахлиукова Фаягель Фаритовна, АББ меңгерушісі,

            Каленова Жанар Рахымбердіқызы, библиограф.
 

Жұмыстың мазмұны

 

       №

Өткізілетін ісшараның  тақырыбы

Түрі

Өткізілетін орны

Мерзі- мі

Жауаптылар

2    2

1

«Библиографияның типологиялық үлгісі. Балаларға арналған әдебиеттердің библиографиялық құрылымының түрлері»

Теориялық дәріс

АБК, ҚБК және аймақтық, ауылдық кітапханасы

2016ж.

І

тоқсан

наурыз

Ахлиукова Ф.

Каленова Ж.

33333

 

2

«Кітапхананың библиографиялық жұмысының негізгі бағыттары»

Кеңес-рефлек-сия

 

АБК, ҚБК  және аймақтық, ауылдық кітапханасы

2016ж.

ІІ

тоқсан

сәуір

Ахлиукова Ф.

Каленова Ж.

555

3

 

 

 

 

 

 

«Кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратын ұйымдастыру (АБА).

Библиографиялық анықтамалардың түрлері»

Сабақ-бағдар

АБК, ҚБК  және аймақтық, ауылдық кітапханасы

2016ж.

ІІ

тоқсан

мамыр

Ахлиукова Ф.

Каленова Ж.

 

4

«Кітапханалық-библиографиялық жіктеу: балалар және мектептегі кітапханалар үшін таблицасы»

Кеңес-практи-кум

 

АБК, ҚБК  және аймақтық, ауылдық кітапханасы

2016ж.

ІІІ

тоқсан

маусым

Ахлиукова Ф.

Каленова Ж.

       5                                                                                                                          6

«Электронды библиография.

РАБИС: негізгі модулдер»

 Кәсіби апгрейд

 

АБК, ҚБК  және аймақтық, ауылдық кітапханасы

2016ж.

ІІІ

тоқсан

қыркүй-ек

Ахлиукова Ф.

Каленова Ж.

Справочник Шымкента,