Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-03-19

Ең үлкен дос - кітап

Түркістан облысында «Наурыз - 2019» мерекесі аясында өтетін іс-шаралар бағдарламасына сәйкес 19 наурыз «Балалар күні» деп аталуына байланысты және 24-30 наурыз - Халықаралық балалар мен жасөспірімдер кітабының апталығына орай Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ең үлкен дос - кітап» атты оқу мерекесі өтті. Шараға С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің 4 «г» сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқырмандарға кітап әлемінің адамды арман биігіне самғатып, ақыл-ой сұлулық әлемін шарлатып, білім-ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру. Шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту. Кітапты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар кітаптың шығу тарихымен танысып, кітап туралы өлеңдер оқыды. Сонымен қатар балалар жазушысы Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқып, «Кітаптар реніші» атты көрініс ұсынды және де кітап туралы ұлы адамдардың ұлағатты сөздерін, мақал-мәтелдерді жатқа айтты. Шара соңында белсене атсалысқан оқырмандарымызға кітапхана атынан «Алғыс хаттар» табысталды. Қатысқан оқырман саны-28.

Справочник Шымкента,