2019-03-19
Төрлет, төрлет Наурыз!
Түркістан облысында «Наурыз – 2019» мерекесі аясында өтетін іс-шаралар бағдарламасына сәйкес 19 наурыз « Балалар күні» деп аталуына орай Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Төрлет, төрлет Наурыз!» атты наурыз – думан №69 жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Шара барысында кітапханашы «Қош келдің, әз Наурыз!» атты слайдқа шолу жасап, оқырмандарға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде мағлұмат берді. Сондай-ақ оқырмандарымыздың қатысуымен бесікке салу, тұсау кесер рәсімдері өткізіліп, оқырмандарымыз ән салып, би билеп, ұлттық ойындардан үзінді көрсетті.