Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-03-19

Армысың, мерейлі Әз Наурыз

Шымкент қалалық Экологиялық орталықта Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Армысың, мерейлі Әз Наурыз!» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке №78 жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі Ш.А.Сиязова мен мектеп оқушылары, жалпы білім беру мекемелерінің 1-7 сынып оқушылары мен қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға Наурыз мерекесін тойлау туралы толық мағлұмат беру. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» казақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Мерекелік кеш №78 жалпы орта білім беру мектебінің өнерпаз оқушылары Нұрай мен Диананың орындауында «Наурыз той» әнімен ашылды. Жүргізушілер Жыл басы – Наурыз, көктем тойы жайында кіріспе сөз сөйлеп, мерекелік кешті ашып беру үшін сөз кезегі экологиялық орталықтың директоры Улжан Жайлауовнаға берілді. Жүргізушілер халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде даланы Қыдыр ата аралайтынын, жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп, қос шырақ жағылып қойылатынын, ыдыстарды «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қоятынын, жыл бойы дән тасқын-тасқын, ақ мол, жауын-шашын көп болсын деп тілейтіні туралы айтып, ортаға Қыдыр ата мен Наурыз қыз, Күн Ана, Түн Ана, Жер Ананы шақырды. Шара жалғасын тауып, бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын шашып, жол-жоралғысын ала келіп, бесікке салу рәсімін көрсетті. Жүргізушілер Наурыз тойы болған соң, білім алушыларды қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырды. Білім алушылар арқан тартысып, қол күресіп күш сынасты. Мерекелік кеш соңында белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Справочник Шымкента,