Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-12-02

Ақылдым оқулары

Шымкент қаласының Көрме орталығында «Кітапfest» өтті. Осы фестиваль аясында 2 желтоқсан күні, сағат 12-00- де Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасы және Ақылдым журналы бірлесіп «Ақылдым оқулары» мерекелік іс-шарасы өткізді. Ақылдым оқуларын

кітапханамыздың кішкентай жүргізушілері Әнуарбек Нурислам мен Даниярбек Әсемай «Ақылдым журналына жазылдың ба?» атты сахналық қойлыммен бастаса, «Әже ертегі айтшы» жобасы аясында кітапханашы түйе мен түлкі ертегісін көремендерге оқып берді. Аталмыш шарада балалар кітапханасының және Ақылдым журналының тұрақты оқырмандары Оңласбек Дидар, Мұхтар Нұрай, Арынбек Нұржан секілді өнерлі жастарымыз өз өнелерін көрсетті.

Справочник Шымкента,