Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-12-10

Абайдың "Китаб Тастиқ" шығармасы кітабының тұсау кесері

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында ғалым Ақжол Қалшабектің жетекшілігімен жарық көрген Абайдың «Китаб Тасдиқ» шығармасы кітабының таныстырылымы өтті. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 38-ші қара сөз аталып келген «Китаб Тасдиқ» атты кітаптың авторы жас ғалым Әзімхан Исабек. Руханият мекені кітапханада ғұлама Абай бабамыз жайлы парасатты пайымды әңгімелер өрбіді.

Кеш ZOOM платформасында Абайтанушы, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Ақжол Қалшабек, ақын, аудармашы, педогог Абай Қалшабек, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің журналисті, республикалық байқаулардың жеңімпазы Бауыржан Ерман, ақын Сүндет Сейітов, Арайлым Мұраталиевалар қатысумен өтті. Сондай-ақ «Сирек басылымдардағы Абай» тақырыбында Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінің басшысы Манжибаева Жаңылгүл Әділбекқызы баяндама жасаса, А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының анықтама-библиографиялық қызмет орталығының маманы Меруерт Нұржанқызы «Біздің Абай» электронды кітапханасы туралы баяндама оқыды.

Справочник Шымкента,