Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Кітапханадағы оқырмандарға қызмет көрсету бағытының  басымдылығы: мектептегі оқу процесіне белсенді ықпал ету; оқырмандар деңгейіне қарай сұраныстарға дифференциялық қызмет көрсету; жаңа оқырманға ақпараттарды қалай алу керектігін, анықтама аппаратымен қалай қолдану керектігін түсіндіріп үйрету (каталог, картотекалар).

Қызмет көрсету бөлімдерінің  негізгі міндеттері балаларға қызмет көрсету жүйесінің деңгейін көтеру. Оқырман сұранымдарын тез және сапалы етіп орындау.

Қызмет көрсету бөлімдеріндегі қорды мектепке дейінгі балалар,  мектеп  оқушылары, ата-аналар,  балалар  оқуы жетекшілері  және кітапхана қызметкерлері пайдалана алады.

Оқушылар  мен  мектеп жасына дейінгі балалар  біздің кітапхананың негізгі оқырмандар тобы. Оқушылар кітапхана қызметін үйге берілген тапсырмаларды орындау, ақпараттарды іздеп табу сияқты түрлі мақсатта қолдана алады.

Қызмет көрсету бөлімінің істейтін күнделікті жұмыстары кітаптарды сала бойынша қою, берілген, қайтарылған кітаптарды тіркеу, оқырманды ақпараттармен хабардар ету, ақпараттық білімнің жоғары болуына  ықпал ету.

Қызмет көрсету бөлімдерінде оқырмандар үшін атаулы даталарға, еске алынатын күндерге, өзекті мәселелерге арналған кітап көрмелері жасалынады. Кітапханаға бірінші келген оқырман, кітаптар үйіне қонаққа келгендей сезінеді. Кітапхананы     пайдалану тәртіптерімен танысады. Ең басты тәртіп, кітапты күтіп оқу және басқа оқырмандарға ізетті болу.

Оқырманды жазу жеке құжат арқылы іске асады. Жасы 16 дейінгі балалар ата-аналарының немесе жауаптымын дейтін туысының құжаты арқылы жазылады. Жауапты адам толтыратын (арыз) құжаттағы тәртіптер мен міндеттерді дұрыс оқып танысуы қажет, одан соң өзіне жауапкершілікті алады. Оқырман үйге 15 күн мезгіліне берілетін 3 дана кітапты алуына болады. Егер белгіленген мезгілде оқып үлгірмесе кітапханаға келіп, басқа оқырман сол кітапты қажет етпесе, тағы созуына болады. Оқырман кітапханада абонемент және оқу залдары қызметтерін пайдалануына болады. 

Мұнда жас бала да, жасөспірім де, бүкіл  жанұя болсын, оқығысы келетін   барлық басылымды алып қана қоймай, түрлі іс-шараларға, байқаулар, қызықты танымал     көптеген қызықты адамдармен (жазушылар, суретшілер, әншілер т.б.)  кездесу кештеріне қатысып, өзі үшін көп жаңалықтарды біле алатын энциклопедиялар, көп мазмұнды сөздіктер, қызықты да мазмұнды әрленген кітаптармен, кітап көрмелерімен, стендтермен, буклеттермен танысуға мүмкіндік алады.

Құрметті оқырман! Сіз біздің кітапханадан кітаптар арқылы көптеген сұрақтарға жауап табасыз, мектеп тапсырмасы бойынша жұмыстарды да бес деген бағаға орындай аласыз,  сонымен қатар рухани демалуға, достарыңмен қатынасуға, қызықты ойындар ойнауға үлкен мүмкіндіктер аласыз.

Отдел обслуживания читателей

Приоритетные направления библиотечного обслуживания читателей: активно содействовать процессу обучения школы; дифференцированное обслуживание по уровню читателей; научить, объяснить читателю, как получить новую информацию, как пользоваться устройством информации  (каталоги, картотеки).

Основные задачи отделов обслуживания - повышение уровня системы обслуживания детей. Выполнение спросов читателей быстро и качественно.

Фондом отделов обслуживания детей могут пользоваться дети дошкольного возраста, учащиеся, родители, руководители и сотрудники библиотеки.

Основная  группа читателей нашей библиотеки ученики и дети дошкольного возраста.Учащиеся могут использовать услуги библиотеки для выполнения домашнего задания, для поиска информации и для различных целей.

Ежедневная работа отдела обслуживания расставить книги по отраслям, регистрация возвращенных книг, информирование читателей, способствовать в повышении информационного знания.

В отделах обслуживания проводятся книжные выставки, посвященные знаменательным датам, дням памяти, актуальным вопросам. Читатель, посетивший библиотеку в первый раз, чувствует, что навещает дом книг. Ознакомиться с правилами пользования библиотекой. Самая важная дисциплина, бережно относиться к  книгам и относиться  уважительно к другим читателям.

Регистрация читателя осуществляется личным документом. Дети до 16 лет записываются документом родителей или родственниками, которые утверждают, что несут ответственность за ребенка. Ответственное лицо должен ознакомиться с правилами и обязанностями в документе (заявления), затем берет ответственность на себя. Читатели могут взять 3 экземпляра книг выдаваемыена 15 дней. В случае если читатель не успевает прочитать книгу в установленный срок, если другой пользователь не нуждается в той книге, он может продлить срок. Читатели могут пользоваться услугами абонемента и читальных залов.

Здесь и дети, и подростки, а также вся семья могут не только ознакомиться со всеми изданиями, но и участвовать на различных мероприятиях, конкурсах, встречах со многими известными интересными людьми (писатели, художники, певцы и т.д.), имеют возможность узнать многоновостей с энциклопедии, ознакомиться с книгами интересного содержания, книжными выставками, стендами, буклетами.

Уважаемый читатель! Вы найдете ответы на многие вопросы через книгу в нашей библиотеке,  вы можете выполнить школьное задание на отличную оценку, а также имеете возможность на духовный отдых, общатся с друзьями, играть интересные игры. 

Справочник Шымкента,