Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

«Балалыққа кітаппен барар жол» кітап оқуды дамыту жобасы

 

      Жобаның ұраны: Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Кез келген жерде оқимыз!

      Мақсаты: Ауыл оқырмандарын кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аударту, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу, оқырмандарды жаңа кітаптармен  және жаңа авторлармен таныстыру. Кітапхананы балалар үшін мейірімді, рухани, ақпараттық,  танымдық орталық ету.

    

 Міндеттері:

Кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап оқу - жеке тұлға дамуының күшті факторы екенін түсіндіру;

Кітап оқу мәселесін ата-аналармен және қоғаммен бірлесе қолға алу.

Кітап оқу арқылы балалардың еркін ойлауына, көркем әдеби тілде сөйлеуіне, ой-өрісін дамытуға ықпал ету;

Балалардың кітапқа және оқуға көзқарасын өзгерту,кітап  оқу - бос уақытты ұйымдастырудың тиімді, пайдалы формасы екендігін ұғындыру;

Балалар кітапханасына келушілер санын көбейту;

Балалардың оқу қабілетінің дамуына бағытталған балалар кітапханасы негізінде өткізілетін шаралардың санын көтеру

 

 

      Жобаның басты миссиясы: балаларды кітаптарды көбірек оқуға, ең жақсы кітаптарды дұрыс таңдай білуге үйрету,бір -  бірімен пікір талас туғызу.

        Тақырыптың өзектілігі: Өкінішке орай қазіргі таңда балалардың өз бетімен кітап оқуға  қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Сондықтан  қазіргі кезде кітап оқуды жандандырып,оқуға тарту арқылы балалардың теледидар мен компьютер, ұялы сымтетік алдындағы уақытын шектеу өзекті болып отыр.Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз керек. Оқырмандарды қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп  табу. 

       Балалардың білімді де саналы болып өсуіне біздің елімізде барлық мүмкіндіктер жасалған. Әр өңірде балалар кітапханалары жұмыс істейді. Бұл жоба бойынша балалардың бос уақытын кітап оқуға жұмсауды үйрету  үшін облыстық балалар кітапханасы аудандық, ауылдық балалар кітапханаларымен бірлесіп  жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

     Сондықтан да кітапқұмар балалар арасында түрлі байқаулар ұйымдастыруды дәстүрге айналдыру. Кітап – адамзаттың көне замандардан келе жатқан жолаушысы, серігі, парасатты ұстазы, адал досы, тарихтың шынайы куәсі. Рухани байлықты ұрпақтан – ұрпаққа сақтау керектігі жайлы айтып, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапхананың кітап қорымен таныстыру, насихаттау, балаларды кітап оқуға шақыру мақсатында кітапханалық саяхаттар өткізу.

     Сондай – ақ, бабаларымыздың тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін сипаттайтын ертегілер арқылы балалармен бірге ертегілер еліне саяхат жасау.

      Бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды  түрлі іс- шаралар арқылы жүзеге асыру, сурет, ойын көмегімен баланың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, яғни балаларға арналған түрлі іс – шаралар өткізіледі деп күтілуде.

 

 Негіздеме: Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын іске асыру,білімді де білікті, өз ұлтының патриотын тәрбиелеу, сондай – ақ оқырмандарды кітапты құрметтей білуге баулу, кітапқа деген құштарлығын арттыру, көркем әдебиетті оқуға ынталандыру болып табылады.

 

  Жобаны іске асыру әдістері:

- Конкурстар мен акциялар өткізу;

- Әдеби кештер, кездесу кештер өткізу;

- Кітап көрмелерін ұйымдастыру;

- Ақпараттық –  насихат бұрышын жасау;

- Кітапқұмарлармен кездесу ұйымдастыру;

- Оқушылар шығармашылығының тұсаукесерін жасау.

   Кітапхана жоба аясында өткізілген барлық  іс – шаралар бойынша видеоматериалдар, фотоқұжаттар, суреттер дайындап дер кезінде кітапхана сайтына, фейсбукке жіберіп отыруды жоспарлап отыр.      

 

 

Жобаны іске асыру мерзімі: 2016 жыл

Өткізілетін орындар: Аудандық балалар кітапханалары, саябақтар, балаларға арналған алаңдар және т.б.

Күтілетін  нәтижелер:  Кітапхана кез келген жастағы бала үшін ашық, мейірімді, тартымды, ерекше жер болып табылады. Кітапханалар – балалардың бір-бірімен кездесетін, қызықты тұлғалармен танысатын ақпарат және мәдениет орталығы ретінде қалыптасып,төмендегідей нәтижелер күтіледі:

Кітапхана ісін қалың оқырман арасында жарнамалау, оқырмандар санын көбейту;

Балалардың кітап оқуға деген ынталарын  жақсарту;

Заманауи отандық, рәсейлік, шетелдік кітаптарды оқыту арқылы оқырмандардың әдеби талғамдарын көтеру;

Қоғамдық бастамаларды дамыту, балаларды волонтерлер ретінде бастамаға қатыстыру;

Жанұяларды қатыстыру;

Оқырмандармен тығыз байланыс орнату;

Кітапханаға жаңа оқырмандар тарту.

 Жоба аясында өткізілетін жұмыстар
 
Өткізілетін
іс – шараның тақырыбы
Түрі мен әдістері
Өткізілетін орны
Мерзім
Жауаптылар
1.
«Кітаппен бірге өсеміз»
Ертеңгілік
Қазығұрт аудандық балалар кітапханасы
І
тоқсан
ақпан
А.Байділдаева
АБК
2.
«Өзің оқы, өзгені қызықтыр»
       Акция
Сарыағаш аудандық балалар кітапханасы
І
тоқсан
наурыз
А.Байділдаева
АБК
3.
«Балалыққа кітаппен барар жол»
Ауданның әйгілі адамдарымен кездесу кеш
Созақ аудандық балалар кітапханасы
 
ІІ
тоқсан
сәуір
А.Байділдаева
АБК
4.
«Сиқырлы кітаптар елінде»
Ертегілер еліне саяхат
Отырар аудандық балалар кітапханасы
ІІ
тоқсан
мамыр
А.Байділдаева
АБК
5.
«Кітап әлемінде»
Интеллектуал-ды ойын
Шымкент қалалық балалар кітапханасы
ІІ
тоқсан
маусым
А.Байділдаева
АБК
6.
«Бәріміз бірге оқимыз»
Отбасылық оқу күні
 
Шардара аудандық балалар каітапханасы
ІІІ
тоқсан
шілде
А.Байділдаева
АБК
7.
«Оқитын аймақ»
Акция
Кентау қалалық балалар кітапханасы
ІІІ
тоқсан
тамыз
А.Байділдаева
АБК
8.
«Мен сүйікті кітабыммен»
Сурет байқауы
Мақтарал аудандық балалар кітапханасы
ІІІ
тоқсан
қыр-күйек
А.Байділдаева
АБК
9.
«Мен бәрінен де көп оқимын!»
Байқау
Арыс аудандық балалар кітапханасы
ІV
тоқсан
қазан
А.Байділдаева
АБК

 


 

Справочник Шымкента,