Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

«Балалар кітапханасының кітап қорын қалыптастыру технологиясы» атты жобаның

ЕРЕЖЕСІ

 

І. Жалпы ережелер

1.1  «Балалар кітапханасының кітап қорын қалыптастыру технологиясы» атты жоба Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының жоспары бойынша іске асырылады.

1.2 Жобаны ұйымдастырушысы - Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі.

1.3 Осы  Ереже  Жобаның  ұйымдастырылуы мен өткізілуін анықтайды.

 

2. Жобаның мақсаты

    2.1 Жобаның мақсаты  -  аудандық, қалалық орталық балалар  кітапханасының оқырмандарына қажеттіктеріне сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру технологиясына бағыттау.

3. Жобаның міндеттері

 

Кітап қорын қалыптастыру тәсілдері:

       3.1    Қорды толықтыру (қорға  құжаттарды  жинақтау);

    3.2  Қорды тозған, басы артық дублетті ( басқа бөлімше кітапханаларға беру), бейінді емес әдебиеттерден тазарту;

    3.3  Қорды ұйымдастыру (кітапханаға келіп түсетін құжаттарды қабылдау, есепке алу және техникалық өңдеу);

3.4   Қорды тиісті бөлімшелеріне бөлу, кітап сөрелеріне қою, қорды орналастыру;

3.5       Кітапхана қорын сақтау;

3.6   Қорды басқару (қордың көлемі мен құрылымын реттеу және кітапханалық қорды қалыптастыруды басқаруда қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету).

       3.7  Балалар кітапханаларына КБЖ таблицасы бойынша жүйелі  каталогтың ұйымдастырылуына  әдістемелік  көмек  көрсету.

4. Жобаға  қатысушылар 

4.1  Жобаға қатысушылар - аудандық, қалалық орталық балалар  және ауылдық  кітапханасының қызметкерлері.

5. Жобаны іске асыру мерзімі

5.1   Жобаны іске асыру мерзімі :  2016 - 2017 ж.ж.

6. Жобаны  іске асыру кезендері

 

6.1    Жоба үш  кезеңнен тұрады:

  Бірінші кезең  - дайындық жұмыстарын жүргізу:

-           жобаны ұйымдастырушы кеңестер мен практикалық сабақтардың бағдарламасын жасау;

-          жобаны ұйымдастырушы аудандық, қалалық орталық балалар кітапханасына осы жобаға қатысатыны туралы телефон арқылы хабардар ету;

-          жобаға қатысушы - аудандық, қалалық балалар кітапханалары осы жоба бойынша өткізілетін іс-шараға қатысатын кітапхана қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз ету .

 

Екінші кезең – негізгі жұмыстарды қадағалау:

-          кітапхана қызметкерлеріне кәсіби білімдерін жетілдіру үшін ақпараттық қажеттіліктерін сапалы, толық қанағаттандыру.

 

7. Күтілетін нәтижелер:

 

    -       кітап қорын қалыптастыру;

    -       кітапханашылардың кәсіби  деңгейі мен шеберлігін арттыру;

    -       оқырмандарды  кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктеріне тарту және олардың  санын арттыру;

    -        кітапхананың қазіргі заманға сай ақпараттық, білім беру, мәдени-ағарту орталығы ретіндегі беделін арттыру.

 Үшінші кезең – жобаны қорытындылау.

Өткізілетін іс-шараның тақырыбы

 

 

Түрі

 

Өткізілетін орны

 

Мерзімі

 

Жауапты

1

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапхана қорларын жинақтау

 

Лекция

 

Аудандық, қалалық орталық балалар және аймақтық, ауылдық кітапханасы

 

2016 ж.

1 тоқсан,

наурыз

 

Махажанова

2

 

 

 

 

 

 

Қорды есептеу және есептеудің түрлері, сандық көрсеткіштері

Практикалық сабақ

Аудандық, қалалық орталық балалар және

аймақтық, ауылдық кітапханасы  

 

2016 ж.

2 тоқсан,

сәуір

 

 

 

-//-

3

Кітапхана қорын сақтаудың әдістері

Әдістемелік

кеңес

Аудандық,

қалалық орталық балалар және

аймақтық, ауылдық кітапханасы 

 

 

2016 ж.

2 тоқсан,

мамыр

 

-//-

4

КБЖ таблицасы бойынша жүйелі  каталогтың ұйымдастырылуы

Практи

калық сабақ

Аудандық,

қалалық орталық балалар және

аймақтық, ауылдық кітапханасы 

 

 

2016ж.

2 тоқсан,

маусым

 

 

-//-

5

 

 

 

 

Кітапхана қорын басқару

 

 

Кеңес

Аудандық,

қалалық орталық балалар және

аймақтық, ауылдық кітапханасы 

 

 

2016 ж.

3 тоқсан

қыркүйек

 

-//-

 

Справочник Шымкента,