2020-11-24
Түркілер төрі Түркістан
Бүгін біздің кітапханамызда «Алаш» әдеби сыйлығының, «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының лауреаты, жазу стилистикасы ерекше баршаға танымал журналист, жазушы Мархабат Байғұт ағамызбен сырласу – сұхбаты өтті. Сұхбаттың мақсаты Мархабат ағамыздың қаламынан туған, Халықаралық Түркі
қолдауымен жарық көрген, оқырманының таңдаулы кітабына айналған, ұлтымыздың ұйытқысы болған Түркістан өңірінің шежіресі іспетті, « Түркілер төрі Түркістан» кітабын таныстыру болатын. Кешті жас ғалым, абайтанушы «Китаб Тастих» кітабының авторы, кітапханамыздың қолдаушысы Әзімхан Исабек жүргізді.