Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек...

Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол.

 Абай Құнанбаев.


«Ауылдық кітапханаларда қолөнерді бірге дамытайық» жобасы

 

Жоба мақсаты:

 

     Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ тарихы мен өнерін қастерлеп, халқымыздың салт-дәстүрін аялап, ардақтай білуге тәрбиелеу.

 

Жоба міндеттері:

 

Ауылдық кітапханалармен  бірлесе отырып, оқырмандардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне бағытталған қолөнер үйірмелерін ұйымдастыру

 

  Оқырмандарды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру, 

Балаларды  жинақылыққа, төзімділікке, икемділікке, тиянақтылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Ауылдық кітапханаларда жас ұрпақтың бойына  өнерге деген жауапкершілік сезімдерін, мәдениетін қалыптастыруға және де өнерді сүйіп, аялай білуге және бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін «Шебер қолдар»  үйірмесін ұйымдастыру.

Ұйымдастыру жұмыстарын аудандық, ауылдық кітапханалармен бірге жүргізу.

Жұмыс барысында қолөнердің қағаздан жасалатын: оригами, жапсырмалау (аппликация), квиллинг (шиыршықталған қағаз), тұзды қамыр, ермексаз сияқты қолжетімді заттарды пайдалану.

 

  Тақырыптың өзектілігі:  Бүгінде кітапхана саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық  талғамын қалыптастыруға байланысты жұмыстар жүргізеді. Жас жеткіншектің санасына өз елі мен мемлекетіне, қолөнер мәртебесін асқақтатуға рухани құндылықтарға деген сезім қалыптастыруға,  өнердің сырын түсіне отырып, ізденуге, танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал ету, логикалық ойлау, өнерге ынтасын, қабілеттерін дамыту болып табылады.

 

Жобаны жүзеге асыру аудандық балалар кітапханаларымен:

Бәйдібек аудандық балалар кітапханасы;

Ордабасы аудандық балалар кітапханасы;

Созақ аудандық балалар кітапханасы

Сайрам аудандық балалар кітапханасы;

Қазығұрт аудандық балалар кітапханасы;

Төлеби аудандық балалар кітапханасы;

 

Жоба мазмұны:

I-кезең – ұйымдастыру

Аудан кітапханашыларымен жұмысты бірге ұйымдастыру.

Аудандық кітапханалармен байланыс орнату.

II-кезең: Балалармен жұмыс жасауға арналған әдебиеттерді, журналдарды қажетті құралдарды таңдау.

-  Түрлі-түсті қағазды пайдаланып квиллинг (шиыршықталған қағаз), папье-маше (шайналған қағаз) тақырыбында жұмыс.

-  Түрлі-түсті қағазды пайдаланып аппликация (жапсырмалау).

-   Ермексаздан әртүрлі бейнелер жасау.

-   Жоба аясында жасалған жұмыстарға қорытынды жасау.                                           Қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастыру.

Жобаны іске асыру мерзімі  2016-2017ж.ж.

Күтілетін нәтижелер:

Қол өнер арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру;

Оқырмандардың қол өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын  арттыру;

Кітапханаға оқырмандар тарту;

Ата-баба салт-дәстүрін, өнерін жалғастыратын  ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету.

Өткізілетін

іс-шараның

тақырыбы

 

Түрі

Қатыса-тын оқырман-дар

Өткізілетін орны

Мерзімі

Жауапты

«Өнерлі қол – бақытқа жол»

Папье-маше

Жалпы оқырман

Бәйдібек аудандық балалар кітапханасы

 

II      тоқ-сан

Камбашева Л.

«Жаңа дүние жасау – шеберліктің белгісі»

Квил-линг

Жалпы оқырман

Ордабасы аудандық балалар кітапханасы

 

II             тоқ-сан

Камбашева Л.

«Шебердің қолы ортақ»

Тоқыма

Жалпы оқырман

Созақ аудандық балалар кітапханасы

 

III         тоқ-сан

Камбашева Л.

«Өнерлінің қолы алтын»

Орига-ми

Жалпы оқырман

Сайрам аудандық балалар кітапханасы

III             тоқ-сан

Камбашева Л.

«Ұлттық өнер - тәрбие негізі»

Таным-дық сағат

Жалпы оқырман

Қазығұрт  аудандық балалар кітапханасы

 

IV           тоқ-сан

Камбашева Л.

«Шеберлік –шегі жоқ байлық»

Аппли-кация, ермек-саз

Жалпы оқырман

Төлеби аудандық балалар кітапханасы;

 

 

IV           тоқ-сан

Камбашева Л.

Справочник Шымкента,