Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры        

 Молдабеков Сардарбек Жайлауханович

Білімі – жоғары арнаулы.

1979 жылы 17 наурызда Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгер қаласында дүниеге келген. 2002 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Музыка және ән айту пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2012 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін Құқық және экономика бакалаврын бітірген.

Еңбек жолын 2002-2004 жылдар аралығында «Облыстық мәдениет басқармасының халық шығармашылығы мен мәдениет орталығы» МКҚК әдіскері қызметінен бастаған. 2004-2007 жылдары «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасында» мәдениет және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған, 2007 жылы облыстық мәдениет басқармасының «Өнер» бөлімінің бастығы, 2009 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, 2010-2012 жылдары Облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар орталығы» МКМ-ің «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің бастығы, 2012-2015 жылдар Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы, Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы, 2015-2016 жылдар Облыстық мәдениет басқармасының «Түркістан сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры қызметтерін атқарған.Тел: 8(7252) 21-29-08

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директор орынбасары

Келімбетов Талғат Құрманбекұлы    

Білімі – жоғары

1989 жылы 1 желтоқсанда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын «Театр және кино актері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011-2019 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік театрының актері болып бастаған. Сонымен қатар: 2018-2019жж. Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы Мәдениет үйінде:

2017 жылы халықаралықЭКСПО көрмесінде Чехия мемлекетінің Прага қаласында концерт ұйымдастырушысы;

2017 жылы ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай ҚХР Бежін қаласында концерт ұйымдастырушысы;

2012-2017 жж. продюсерлік қызмет (Қазақстанның көптеген облыстарында концерт ұйымдастырушысы);

2017 ж. Алматы қаласы У.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында, Құрманғазы оркестрімен бірігіп эстрада әншілерімен болған концертінің ұйымдастырушысы-режиссер;

2020 ж. Н.Тілендиевтің 95 жылдығына орай Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқаудың ұйымдастырушысы;

2020 ж. 25 қазаннан – 1 ақпан 2021 ж. - Н.Тілендиевтің мемориалды музейінің ғылыми қызметкері;

2021 ж. 1 ақпанынан- 1 сәуір 2021 ж. – Н.Тілендиевтің мемориалды музейінің директоры;

2021 ж. 5 сәуір – 1 шілде 2021 - Облыстық мәдениет халық шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі;

2021 ж. 1 шілдеден – “Конгресс холл” көп салалы кешенінің директор орынбасары.

2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директор орынбасары.

 

Справочник Шымкента,