Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар

кітапханасы туралы

М Ә Л І М Е Т

         Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының негізі 1961 жылы қаланды. 1976 жылы кітапханаға қазақтың ұлы ғалымы, фольклорист, педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. Кітапхана – білім беретін, бос уақытты тиімді пайдаланатын, ақпараттық және коммуникативтік орталық болып табылады. Директоры – Бегежанова Зоя Оралбайқызы.

Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары:

·         ОҚО тұрғындарына кітапхананы заманауи, ыңғайлы форматта барша қолжетімді болатын ауқымды, көпфункционалды, ақпараттық интеллект-орталығы ретінде таныту;

·         рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, білімді оқырман тәрбиелеу;

·         жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, тең мүмкіндікті қоғамның қалыптасуына ықпал ететін ақпаратқа қол жетімділікті, сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз ету;

·         жастарды ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу;

·         талғампаз оқырмандардың тағылымды талаптарын толыққанды жауаптармен қамтамасыз ету;

·         кітапхананы инновациялық-әдістемелік орталық ретінде дамыту.

Кітапхана құрылымының өз ерекшеліктері бола тұра, мұнда бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейтін 7 бөлім,  2 сектор бар.

Атап айтқанда:

·         Ақпараттық-библиографиялық бөлім;

·         Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі;

·         Кітапхана  процестерін  автоматтандыру бөлімі;

·         Инновациялық және әдістемелік  жұмыс бөлімі;

·         Өнер  жөніндегі әдебиет  бөлімі;

·         Мектепке  дейінгі және бастауыш  сыныптардағы   балаларға қызмет көрсету бөлімі;

·         Орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімі;

·         Бақылау және тіркеу секторы;

·         Негізгі қорды сақтау  секторы.

        Кітапхана жыл сайын 27 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетіп, оларға 500 мыңға жуық түрлі әдебиеттер мен құжаттар беріледі. Кітапхана оқырмандары: мектеп жасына дейінгі, 1-9 сынып оқушылары және балалар оқуының жетекшілері (ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер). Қызмет көрсету жүйесі пайдаланушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылған.

       Бүгінгі таңда кітапхананың кітап қоры 254378 дана, ал қазақ тіліндегі кітап қоры 90217 дананы құрайды. Бұлар балаларға арналған дүниежүзілік үздік әдебиеттер, осы заманғы балалар көркем әдебиеті (отандық және шетелдік), оқу процесіне көмектесетін салалық және анықтамалық әдебиеттер, мерзімді басылымдар, аудио және бейне материалдар, электронды басылымдар.

          2000 жылы кітапханалық-библиографиялық процестерді дамытуда жаңа ақпараттық технологиялар ендіру  басталды, компьютерлік және көшірме-көбейту техникалары алынды.

            2002 жылы Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттар жүйесі (РАБИС)   енгізіліп жұмыс істеуде. «РАБИС» жүйесі бойынша АРМ «Әкімшілік», АРМ «Каталогизатор», бағдарламалары іске қосылды.

2004 жылы – «Ауыл кітапханаларында балалармен жұмыс істеудің жаңа бағыттары» республикалық аймақтық семинар өткізілді.

2005 жылы кітапхана Интернет жүйесін қосты. Бүгінгі таңда кітапханада 43 жеке компьютерлерді біріктіретін локальдік-есептеуіш жүйесі қосылған.

2005 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын балалар кітапханасында насихаттауға арналған үздік басылым байқауы өткізілді.

2005-2009 жж. Кітапхана «Кітап және жанұя» бағдарламасы бойынша жұмыс жасады 

2006 жылы - кітапхананың  Web бетінің – www.altunsarin-lib.kzжәне электронды пошта ukodb@mail.ru  құрылды.

2007 жылы дамыту және жаңа технологиялар бөлімі ашылып, Интернет – класс оқырмандарға қызмет көрсете бастады.

2007 жылы – «Кітапханалық астана - 2007» халықаралық конференциясының  «Тарихи мәдени мұра – балалар мен жасөспірімдер кітапханасы патриоттық сананы қалыптастыру ресурсы ретінде» секциясының жұмысы өткізілді.

2007-2010 жж. Ы. Алтынсарин атындағы ОБК-ның модернизациялау жобасы іске асырылды.

2008 жылы оқырмандарды тіркеу секторы, психологиялық қызмет көрсету бұрышы, шет тіліндегі әдебиеттер бұрышы құрылды.

2008 жылы «Отан деп соққан жүрекпен...» атты 12-15 жас аралығындағы ақындардың облыстық шығармашылық байқауы өтті.

2007-2008 жж. «Жылдың ең үздік кітап көрмесі» облыстағы балалар кітапханалары арасындағы байқау ұйымдастырылды.

2009 жылы РАБИС жүйесі бойынша АРМ «Оқырмандарды тіркеу», АРМ «Іздеу. Қарау. Тапсырыс» бағдарламалары іске қосылды.

2009 жылы «Жырдан жауһар түзетін, Ханбибінің сіңлілері» атты Ханбибі Есенқарақызының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық жас ақын қыздардың мүшайрасы өтті.

2010 жылы оқырмандарға штрих код арқылы кітап беру және кітап қорын сақтауды, бақылауды автоматтандыру бағытындағы жұмыстары қолға алынды.

2010 жылы кітапхана қызметкерлерінің арасында «Мен және менің кітапханам. Я и моя библиотека» атты облыстық эссе  байқауы өткізілді.

2011 жылы - «Web-кеңістігіндегі мүмкіндік аймағы. Зона доступного Web пространства» атты  ғаламторға еркін кіру акциясы ұйымдастырылды.

2011 жылы – кітапханада медиа орталығын құру жобасы іске қосылды.

2011 жылы -  «Ең үздік өлкелік библиографиялық құрал» облыстық балалар  кітапханалары қызметкерлерінің арасында байқау ұйымдастырылды.

2011 жылы кітапхананың 50 жылдық мерейтойына орай «Кітапхана балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму ортасы» атты республикалық-аймақтық зерделі кеңес ұйымдастырылды.

2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығының аясында кітапхананың 50 жылдық мерейтойына орай «Кітапхана – балалар шығармашылық және интеллектуалды даму ортасы» атты республикалық зерделі кеңес өткізілді.

2012 жылы «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасына орай кітапхананың «Еңбек – шешуші ұлттық фактор» жобасы аясында ауқымды іс-шаралар өткізіле бастады.

2013 жылы өлкетану бағытындағы кітаптарды сандық форматқа көшіру жұмыстары жүргізіле бастады. Сондай-ақ, «Солтүстік пен Оңтүстік: мәдени телекөпір» атты онлайн-конференция Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп өткізілді.

2014 жылы кітапхана оқырмандары үшін виртуалды анықтама қызметі іске қосылды. Дәл осы жылы кітапхананың ұйымдастыруымен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты облыстық Абай оқулары байқауы ұйымдастырылды.

2015 - Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығын ұлықтау – тарихымызға құрмет» атты облыстық эссе байқауы;

-          «Тәуке ханның таңғажайып ерліктері» тарихи шеруі;

-          Ең көп оқитын оқырмандар арасында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты облыстық байқау өткізілді.

-          «Оңтүстік Қазақстанның ақын-жазушылары» толық мәтінді мәліметтер базасы құрылды.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігінің күнтізбелік жоспарына сәйкес облыстық әкімшіліктің және облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық бейнелеу музейінің және Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазанғап Байболұлының 125 жылдығына орай жас суретшілер арасында «Бір өлең – бір сурет» атты облыстық байқау-көрмесі болып өтті. 

2018 жылы кітапханада  Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Бақытты балалық шақты қорғау» жылы деп жариялауына байланысты, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласы аясында   жас ұрпаққа арналған кинозалының ашылу салтанаты өтті.

Сондай-ақ, ауыл кітапханаларының жұмысын жандандыру мақсатында:

-«Балалыққа кітаппен барар жол»;

-«Жылдың үздік іс-шарасы»;

-«Компьютерлік сауаттылық»;

-«Кітап оқу – жетістікке апаратын жол»

-«Ең үздік әдістемелік құрал»;

-«Қала мен дала оқырмандары көркем әдебиетте»;

-«Балалардың қызығушылығы әлем ертегілерінде»;

-«Ауылдық кітапханаларда қолөнерді бірге дамытайық»;

-«Заманауи библиографияның типологиялық үлгісі»;

-«Балалар кітапханасының кітап қорын қалыптастыру технологиясы»

-«Үздік отбасы»;

-«Болашақ түлегі-ол ел тірегі»;

-«Шекарасыз кітап»;

-«Компьютерлік сауаттылық» жобалары жасалынып, жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 іс-шара жоспарланып, өткізілді.

Кітапхананың 55 жылдық мерейтойына орай «Жаңа ақпараттық қоғамдағы кітапхана» атты конференция  өткізілді.

      ОБК-балаларды кітаппен және ақпаратпен қамтамасыз ететін аудандық балалар кітапханаларының әдістемелік орталығы болып табылады.  Облыс көлеміндегі балалар кітапханалары үшін әдістемелік іс-тәжірибелік көмек ретінде семинар кеңестер, тренинг сабақтар және іс-сапарлар ұйымдастырылады.

       Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша балаларға 30 балалар  кітапханасы қызмет көрсетеді.

Оның ішінде:

- Облыстық балалар кітапханасы – 1;

- Аудандық орталықтандырылған балалар кітапханасы – 16;

- Аймақтық балалар кітапханасы – 3;

- Кітапхана бөлімшелері – 10;

 

 

СВЕДЕНИЯ об областной детской библиотеке им. Ы. Алтынсарина

 

        Южно-Казахстанская областная детская библиотека им. Ы.Алтынсарина была основана в 1961 году. В 1976 году библиотека назвали в честь великого казахского ученого, фольклориста, педагога и просветителя Ыбырая Алтынсарина.  Библиотека является  информационным и коммуникационным центром дающее знание, а также центром для эффективного использования свободного времени. Директор – Бегежанова Зоя Оралбайқызы.

Основные направления библиотеки:

·         Показать библиотеку в современном, удобном форматев качестве крупного, многофункционального, информационно-аналитического центра, который будет доступен всем жителям ЮКО;

·         Воспитать высококвалифицированного читателя с богатой душой, с глубокими запросами, с хорошим знанием;

·         Обеспечение доступа к информациидля гармоничного развития личности, формирования равного общества, предоставление качественных библиотечных услуг;

·         Воспитание молодежи к ценностям национальной и мировой культуры;

·         Предоставление полного ответа требовательному читателю;

·         Развитие библиотеки в качестве иновационно-методического центра;

Поскольку структура библиотеки имеет свои особенности, здесь имеются 7 отделов, 2 сектора, рботающие в тесном контакте друг с другом. В частности:

·         Информационно-библиографический отдел;

·         Отдел по сбору, обработке документации и организации каталогов;

·         Отдел автоматизации процессов библиотеки;

·         Отдел  инновационной и методической работы;

·         Отдел литературы в области искуства;

·         Отдел оказания помощи детям дошкольного возраста и начальных классов;

·         Отдел обслуживания детей в возрасте средней и высшей школы;

·         Сектор контроля и регистрации;

·         Сектор хранения основной базы.

       Библиотека обслуживает ежегодно более 27 тысяч читателей, им выдают около  500 тысяч различных книг и документов. Читатели библиотеки: ученики  дошкольного возраста, 1-9 классов и руководители детского образования  (родители, воспитатели, учителя). Система оказания услуги организована в соответствии с возрастными особенностями пользователей.

       На сегодняшний день книжный фонд составляет 254 378 экземпляров, а книжный фонд на казахском языке 90 217 экземпляров. Здесь имеются лучшая мировая литература для детей, современная художественная литература (отечественная и зарубежная), отраслевая и справочная литература помагающая учебному процессу, аудио и видео материалы, электронные издания.

          В 2000 году начался внедрение новых информационных технологии для развития библиотечно-библиграфического процесса, приобретались компьютерная и копировальная техника.

           В 2002 году внедрялась и работает Республиканская автоматизированная библиотечная информациооная  система  (РАБИС).  По системе  «РАБИС»  введены в действие программы  «Администрация»,  «Каталогизатор».

В 2004 годупроведен республиканский региональный семинар  «Новые направления для работы с детьми в сельсих библиотеках».

В 2005 году библиотека подключила систему Интернет. На сегодняшний день подключена локальная компьютерная система, объединяющая 43 персональных компьютеров.

В 2005 годупроведен конкурс на лучшее издание для пропаганды программы   «Культурное наследие» в детских библиотеках.

В 2005-2009 гг. библиотека работала по программе «Книга и семья». 

В 2006 году создана Webстраница библиотеки www.altunsarin-lib.kz и электронная почта ukodb@mail.ru.

В 2007 году открылись отдел развития и новых технологии, Интернет-класс начал оказание услуг читателям.

В 2007 годупроведена работа секции  «Книжная столица - 2007» международной конференции   «Историческое культурное наследие в качестве ресурса формирования  патриотического сознания у детей и молодежи».

В 2007-2010 гг. осуществлен проект модернизации ОДБ им. Ы. Алтынсарина.

В 2008 году созданы сектор регистрации читателей, уголок психологической помощи, уголок иностранной литературы.

В 2008 году проводился областной творческий  конкурс под названием«С сердцем о родине...» акынов в возрасте 12-15 лет.

В 2007-2008 гг. организован конкурс среди областных детских библиотек «Самая лучшая выставка книг года».

В 2009 году введены в действие программы  «Регистрация читателей», «Поиск. Просмотр.Заявка» по системе РАБИС.

В 2009 году проведена областная мушайра молодых акынов девочек  под названием  «Сестренки Ханбиби составляющие бриллиант из поэмы» в честь 60 летнего юбилея ХанбибиЕсенкарайкызы.

В 2010 принялись за работы в направлении выдачи книг читателям через  штрих коды и хранения книжного фонда, автоматизирование контроля. 

В 2010 году проводился областной конкурс эссе среди сотрудников библиотеки   «Я и моя библиотека».

В 2011 году была организована акция свободного доступа в интернет  «Зона доступного Web пространства».

В 2011 годувведен в действие проект создания медиацентра библиотеки.

В 2011 годуорганизован конкурс среди сотрудников областных детских библиотек «Самый лучший региональный библиографический инструмент».

2011 годув честь 50-летнего юбилея был организован республиканский-региональный совет «Библиотека – центр творческого и интеллектуального развития детей».

В 2011 годупроводился республиканский совет под названием «Библиотека  – центр творческого и интеллектуального развития детей» посвяшенный к 50 летнему юбилею библиотеки в рамках  20 летия Независимости РК.

В 2012 годуначались проведение  масштабных мероприятий в рамках проекта «Труд – решаюший народный фактор» по концепции библиотеки «20 шагов в зависимости от общества всеобщего труда».

В 2013 годуначался проведение работ по переносу книг краеведческого направления  в цифровой формат. А также проводился онлайн-конференция«Север и Юг: культурный телемост»совместно с областной детской библиотекой им.Г.Мусрепова  Северно Казахстанской области.

В 2014 годувведен в действие виртуальный справочник для читателей библиотеки.  В том же годуюиблиотекой был  организован областной конкурс под названием чтения Абая«Если ищешь благородное слово, читай Абая, не ленись».

В 2015 году в честь 550 летия Казахского ханства проводилсяобластной конкурс эссе «Оказане почести Казахскому ханству - уважение истории»;

-          Исторический марш «Удивительные подвиги Тауке хана»;

-          Проведен областной конкурс под названием «Познаю мир через книгу» среди читателей читающих много.

-          Создана полнотекстовая база данных «Поэты и писатели Южного Казахстана».

В 2016 годув соответствии с календарным планом Министерства культуры Республики Казахстан, при поддержке областной администрации и областного управления культурыбыла проведена областная конкурс-выставка «Одно стихотворение – один рисунок»  среди молодых художников по случаю 125-й годовщины Казангапа Байболулы  организованный областной детской библиотекой им. Ы.Алтынсарина и областнымизобразительныммузеем.

Для того, чтобы повысить активность сельских библиотек:

-«Дорога в детство с книгой»;

-«Лучшее мероприятие года»;

-«Компьютерная грамотность»;

-«Чтение книг  - путь ведущая к успеху»

-«Самое лучшое методическое указание»;

-«Городские и сельские читатели вхудожественной литературе»;

-«Детский интерес в мире сказок»;

-«Давайте развиватьремесло в сельских библиотеках»;

-« Типологический образец современной библиографии»;

- Выполняются проекты, работы «Формирование  технологий книжного фонда детской библиотеки».

Кроме того, в честь 25-летия Независимости Республики Казахстан запланированы и проведены25 мероприятий в библиотеке.

По случаю 55 летного юбилея библиотеки была проведена конференция «Библиотека в новом информационном обществе».

В 2017 году  проведен областной конкурс «Колыбель Тюрков – Туркестан» среди читателей, читающие много«Познаю мир через книгу».

   ОДБ является методическим центром районных детских библиотек, который  обеспечивает книгой и доступом к информации. Детские библиотеки в масштабах области в качестве методической практической помощи организовывают семинары консультации, тренинги и посещения.

По Южно-Казахстанской области 30 детских библиотек оказывают услуги. В том числе:

Справочник Шымкента,